» Мектепке барар жол есебі

 
 
 

Мектепке барар жол есебі

Автор: admin2 от 29-08-2016, 02:53, посмотрело: 246

0 Алматы қаласы Алатау ауданы №149 ЖББ мектебі бойынша
«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының 20.08.2016ж
есебі.

2016 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының жұмыс жоспары жасалып, іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Акцияның негізгі міндеті - көп балалы, қамқорлыққа алынған, жағдайы төмен аз қамтылған отбасы балаларын жаңа оқу жылына дайындалуға және әлеуметтік жағдайлар бойынша мектепке қамтылмай қалмауын алдын алу. Бүгінгі таңда ісімен, жомарттылығымен жәрдем берген Оспанова Арайлым жағдайы төмен аз қамтылған отбасы балаларына 40000 (қырық мың) теңге есебінде 4 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп сумкасымен қамтамасыз етті. Екінші міндеті оқумен қамтылмай қалған балаларды анықтау болып табылады. Осы мақсатта акция барысында «қауіпті топ» тобындағы балаларды анықтау, оның ішінде ата-анасының қарауынсыз және қадағалауынсыз қалған балаларды, қолайсыз және мигрант отбасындағы балаларды, оқудан жалтарған балаларды, бала еңбегінің ең ауыр түрлеріне тартылған және т.б. бойынша мобильді топ мектептердің шағын учаскелерін, шаруашылықтарды аралап отыр. Рейдте мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер ұжымы, инспектор және ата-аналар комитетерінің төрайымы бірлесе жұмыс атқарып отыр.

шаблоны для dle

Категория: ---

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.