Войти
Закрыть

8-9 сыныптар арасында “ЭКОБОЛАШАҚ” бейнесюжеттер фестивалі өтті

Ақпарат / Іс-шаралар

“Алматы-біздің ортақ үйіміз” науқаны аясында 8-9 сыныптар арасында “ЭКОБОЛАШАҚ” бейнесюжеттер фестивалі өтті. 
Табиғат – баға жетпес байлық, біздің қазынамыз. «Табиғатты сүйе білмеген туған елін де, өзін де сүйе білмейді» деп жазушыларымыз айтқандай, әрбір адам өзі үшін болашағы үшін кішкене болса да, уайым жесе, табиғатты барынша аялауға ұмтылу қажет.
Табиғат – тіршілік көзі. Табиғат пен адам егіз ұғым. Біз, адамзат, алақандай «табиғат» атты асау, баға жетпес жәдігерімізді сақтап қалар болсақ өмірімізге, жарқын болашаққа нық сеніммен қадам баса алатынымыз сөзсіз айқын. Экология болашағы –өз қолымызда! 
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/1648514752558418/

https://www.facebook.com/100014471329338/videos/778049264304386/

“Экологиялық колейдоскоп” жобасы негізінде оқушыларымыз мектеп айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді

Ақпарат / Іс-шаралар

“Алматы-біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында “Экологиялық колейдоскоп” жобасы негізінде оқушыларымыз мектеп айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жоба мақсаты: балалардың табиғат пен адам арасындағы қарым- қатынас туралы бөлімдерін біртіндеп және дәйекті түрде кеңейту ге, табиғаттағы салалы және ұқыпты мінез- құлық ережелерін қалыптастыруға, қалдықтарды тиімді және кәдеге жарату дағдыларын дамытуға және жалпы экологиялық мәдениетті дамытуға көмектеседі.
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/3625271844393088/

Жас мамандар апталығы

Ақпарат / Іс-шаралар

Жас мамандар апталығы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжеханова Раушан Серикгазыевна 9 "Б" сыныбында «Бейбітшілік - жаһандану кепілі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқу мақсаттары тақырыпқа сай таңдалынып алынған. Сабақты бастамас бұрын “Ритмді қайтала” бейнематериалы пайдаланып сыныпта жағымды ахуал туғызды. Сабақ барысында «Көшбасшы» әдісі арқылы топқа бөлініп, “Көгершін” әдісін пайдаланып өткен тақырыптарды пысықтады. Әрі қарай оқушыларға топтық жұмыс жасалды. Оқулық бойынша тапсырманы орындап, әр топ бір-бірімен пікір алмасты. Оқушылардың тыңдалым, айтылым дағдысы қалыптасты. Келесі тапсырма “Тыңдап отырған үштік” әдісі бойынша тыңдалым мәтінімен жұмыс жасалды. Оқушылар мәтінді оқып, құрмалас сөйлемдерді ажыратты. Келесі тапсырмада “Бейбітшілік - жаһандық даму кепілі” деген тақырып бойынша постер жасады. Тақырыпқа байланысиы постер қорғап, қосымша сұрақтарға жауап берді. Сабақ соңында “Интервью” әдісін пайдаланылып рефлексия жасалды. Мұғалім оқушыларды “Басбармақ”әдісі арқылы бағалап, мадақтау сөздер айтты. Жалпы сабақ өз деңгейінде өтті. Оқушылар сабақта қойылған оқу мақсатына жете білді.
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/737310408605369/

«Мектеп ауласының оазисі» шеңберінде абаттандыру жұмыстары

Ақпарат / Іс-шаралар

«АЛМАТЫ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ» қалалық науқаны аясында мектебіміздің оқушылары мен ата-аналары, «Мектеп ауласының оазисі» шеңберінде абаттандыру жұмыстарына атсалысты.
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/376540572036854/​​​ 
В будущее В прошлое

Навигация