«Туберкулез – қатерлі дерт» тақырыбында 9 сыныптар аралығында №14 емхана денсаулық сақтау қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Туберкулез – қатерлі дерт» тақырыбында 9 сыныптар аралығында №14 емхана денсаулық сақтау қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті
02
наурыз
2022

«Туберкулез – қатерлі дерт» тақырыбында 9 сыныптар аралығында №14 емхана денсаулық сақтау қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті

Наурыз айының 1 жұлдызында «Туберкулез – қатерлі дерт» тақырыбында  9 сыныптар аралығында  №14 емхана денсаулық сақтау қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Наурыз айында мектеп медбикесі  9 сыныптар  оқушыларына  «Туберкулездің алдын алу және сақтану жолдары» тақырыбында  түсіндірмелі жұмыстарын жүргізді. Туберкулез- ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру. Туберкулез   ауруының қоздырғышы-туберкулез таяқшалары.Қазіргі кезде туберкулез   ауруының қауіптілігі туберкулез   ауруы адамнан адамға ауа арқылы таралып жұғатын болғандықтан, туберкулезбен   тыныс  жолдары ( кеңірдек, кеңірдекше ) және өкпесі зақымданған науқастар   жоғары қауіп тудырады. Туберкулез ауруының бұл түрлеріне шалдыққан   науқастар сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде немесе қақырық тастағанда қоршаған ортаны тірі бактериялармен ластайды. Ауаны ластаған тірі туберкулез  микробактериялары сау адамның ағзасына өтуі үшін   осы  ауамен аздап  қана   тыныс алудың өзі де жеткілікті. Яғни, туберкулез таяқшалары барлық адамдар үшін қауіпті, өйткені біз тыныс алатын ауа бәрімізге ортақ! Туберкулез ауруымен кімдер ауруы мүмкін? Туберкулез таяқшалары   жұққан адамдардың текқана пайызы туберкулез  ауруына шалдығуы мүмкін екендігі дәлелденген. Туберкулез таяқшалары жұққан  адамдардың   қорғаныс жүйесі әлсіз болса, олардың туберкулез   ауруына шалдығу қауіпі   жоғарлайтыны айтылды. 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: