«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлт ұстазы» байқауы » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлт ұстазы» байқауы
13
сәуір
2022

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлт ұстазы» байқауы

№149 жалпы білім беретін мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру  аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлт ұстазы» байқауы 
өтті. Байқаудың мақсаты- өз тәжірибесіне жоғары кәсіби маңызға ие инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізетін мұғалімдерді анықтау, зерделеу, кәсіби тәжірибесіне қолдау көрсету, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру. Байқау 2 кезеңнен тұрды 1 кезең –эссе; 2 кезең «Ахмет Байтұрсынұлының идеяларын пәнді оқытуда пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбындағы мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және мазмұны ұсынылған тақырып бойынша қатысушының субъективті көзқарасын таным-түсінігі мен ойларын қамту.
Бағалау критерийлері: 
1. Тәжірибе тұрғысынан таратудағы инновациялық технологиялардың маңыздылығы;
2. Көрсетілген проблемаларды шешудегі педагог ұстанымдарының , иннов. технол. жүзеге асуы;
3. Тақырыпты ашудығы қолданылған әдіс-тәсілдердің жаңашылдығы мен нәтижелігі;
4. Оқушының функционалды сауаттылығын қалыптастырудың жүзеге асуы;
5. Жұмысын қорғаудағы педагогтің баяндау шеберлігі.
Бас жүлде – ағылшын тілі пәні мұғалімі Абибуллаева Перизат Назарбайқызы
1-орын- қазақ тіл мен әдебиеті пәні мұғалімі Бекмұрат Айдана Алтынбекқызы
2-орын – бастауыш сынып мұғалімі Салихарова Гулбаршын Ануарбековна 
3-орын – химия пәні мұғалімі Сапарова Мөлдір Саматқызы иеленді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: