12
мамыр
2022
«Кітап-білім бұлағы» атты 5-7 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді
149 ЖББ мектептің кітапханасында «Кітап-білім бұлағы» атты 5-7 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Мақсаты; оқушыларымызды кітапқа деген қызуғышылығын ояту, балаларды кітап оқуға тарту. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы екенін насихаттау. Кітап білімнің қайнар көзі. Әрбір оқушы кітап бетін ашқан кезде, кітаптың тылсым әлемімен танысады. «Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Кітап- біздің досымыз.