3 "Ғ” сынып жетекшісі Жамалханова Әлия Жеңісқызы дүниетану пәнінен "Ауыл мен қала арасында қандай байланыс бар?" тақырыбында ашық сабақ өткізді » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 3 "Ғ” сынып жетекшісі Жамалханова Әлия Жеңісқызы дүниетану пәнінен "Ауыл мен қала арасында қандай байланыс бар?" тақырыбында ашық сабақ өткізді
22
желтоқсан
2022

3 "Ғ” сынып жетекшісі Жамалханова Әлия Жеңісқызы дүниетану пәнінен "Ауыл мен қала арасында қандай байланыс бар?" тақырыбында ашық сабақ өткізді

Алатау ауданы, №149 жалпы білім беретін мектепте 3 сынып бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі, жоғары санатты, 3 "Ғ” сынып жетекшісі Жамалханова Әлия Жеңісқызы дүниетану пәнінен "Ауыл мен қала арасында қандай байланыс бар?" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: қала мен ауылдың байланысын анықтау; қала мен ауылдың шаруашылық қызмет түрлерін ажырату; қала мен ауылдың байланысын зерттеу, мысалдар келтіру.
Сабақ барысында оқушылар өзінің тұратын қаласын, ауылын атап, басты көшесін анықтады. Сонымен бірге, оқушылар өздерінің тұратын жерлерінің ғимараттары туралы әңгімеледі және сипаттау жүргізді. Жаңа сабақ бойынша қала мен ауылдың негізгі байланысын анықтап, қала мен ауылдың шаруашылық қызмет түрлерін ажыратуды үйренді. Мұғалім Қазақстан Республикасының елді мекендеріндегі шаруашылық қызметі түрлерімен таныстыру жүргізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: