“Тарихқа құрмет” жобасында ашық сынып сағаты » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
қазан
2023

“Тарихқа құрмет” жобасында ашық сынып сағаты

         Биылғы жыл еліміздің тарихында ерекше рөл атқарған, ұлы тарихи тұлғалардың бірі - Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл.
Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттері көп. Соның негізгілері - ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқатты ту етіп көтеруі.
Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, турасыз биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін – таптырмас өнеге.
Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Н.Э. Анарбекова 5 ”Е” сыныбымен “Тарихқа құрмет” жобасында ашық сынып сағатын өткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: