Мектепке барар жол есебі » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
тамыз
2016

Мектепке барар жол есебі

Алматы қаласы Алатау ауданы №149 ЖББ мектебі бойынша
«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының 20.08.2016ж
есебі.

2016 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының жұмыс жоспары жасалып, іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Акцияның негізгі міндеті - көп балалы, қамқорлыққа алынған, жағдайы төмен аз қамтылған отбасы балаларын жаңа оқу жылына дайындалуға және әлеуметтік жағдайлар бойынша мектепке қамтылмай қалмауын алдын алу. Бүгінгі таңда ісімен, жомарттылығымен жәрдем берген Оспанова Арайлым жағдайы төмен аз қамтылған отбасы балаларына 40000 (қырық мың) теңге есебінде 4 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп сумкасымен қамтамасыз етті. Екінші міндеті оқумен қамтылмай қалған балаларды анықтау болып табылады. Осы мақсатта акция барысында «қауіпті топ» тобындағы балаларды анықтау, оның ішінде ата-анасының қарауынсыз және қадағалауынсыз қалған балаларды, қолайсыз және мигрант отбасындағы балаларды, оқудан жалтарған балаларды, бала еңбегінің ең ауыр түрлеріне тартылған және т.б. бойынша мобильді топ мектептердің шағын учаскелерін, шаруашылықтарды аралап отыр. Рейдте мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер ұжымы, инспектор және ата-аналар комитетерінің төрайымы бірлесе жұмыс атқарып отыр.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

11 сәуір 2016 Хабарландыру
29 ақпан 2016 Хабарландыру
15 қаңтар 2015 Хабарландыру