Жақсылық - күллі тіршіліктің тұтқасы » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
сәуір
2019

Жақсылық - күллі тіршіліктің тұтқасы



                Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырзаның көп балалы және аз қамтылған отбасыларына арналған «Бақытты отбасы» қалалық кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында Алатау ауданы  №149 жалпы білім беретін мектебімізде жұмыс жоспары жасалынып, іс-шаралар ұйымдастырылды.

 «Жақсылық жасауға асығайық» ұранымен, «Аубакиров» жеке кәсіпкерлігінің  директоры азаматша Бейсембаева Гульмира Оразбайқызының   демеушілігімен  әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан  200 (екі жүз) қыз баланы  аяқ киіммен қамтамасыз етті.

«Жылуы жоқ үйден без,қайырымы жоқ биден без»,-дегендей адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяу, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізімізді білдіріп, қолдан келген жәрдемін көрсетіп отырған   Бейсембаева Гульмира Оразбайқызына алғысымыз шексіз. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: