ҰБТ тапсыратын ұстаздарға аттестацияға дайындық кезеңінде психологиялық кеңес пен психологиялық тренинг өткізді » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ тапсыратын ұстаздарға аттестацияға дайындық кезеңінде психологиялық кеңес пен психологиялық тренинг өткізді
23
сәуір
2022

ҰБТ тапсыратын ұстаздарға аттестацияға дайындық кезеңінде психологиялық кеңес пен психологиялық тренинг өткізді

Білім беру жүйесінің тың өзгерістеріне орай ұстаздар ҰБТ тапсыруда. Шектік баллдың жоғарылауы, эссе енгізілген соң, әлдеқалай болады деп бірқатар мұғалімде қобалжу да  жоқ емес бар. «45 жыл ұстаз болсаң да 45 минуттық сабаққа дайындықсыз кіруге болмайды» деген ұстаныммен жүретін ұстазды сынақ күтіп тұр. ҰБТ- бұл да бір сынақ. Ал, сынақтың аты сынақ. Сондықтан  аттестациялауға  психологиялық  тұрғыда дайындау,  мінез-құлық стратегиясы мен практикасын өңдеу, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау дағдысын оқыту, өзіне сенімділігін арттыру мақсатында  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Сайлыбаева мен  мектеп психологы З.А. Дегенбаева  ҰБТ тапсыратын ұстаздарға аттестацияға дайындық кезеңінде  психологиялық кеңес  пен психологиялық тренинг өткізді. Ұстаздар біраз серпіліп, оптимистік көқараспен, жақсы көңіл-күймен  алғыстарын білдірді.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: