«START DANCE» би байқауы өткізілді » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
желтоқсан
2021

«START DANCE» би байқауы өткізілді

Алматы қаласы, Алатау ауданы № 149 ЖББ мектепте 2021 жылдың 27 желтоқсан күні оқушылардың би өнеріне деген қызығушылығын дамыту, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған мектепішілік «START DANCE» би байқауы өткізілді. Байқауға 7-10 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың ашылу салтанатында мектеп директоры Шырынкүл Зейнуллақызы сөз бастап, байқауға қатысушы өнерпаздарымызға сәттілік тіледі. Байқау барысында қатысушылар түрлі ұлт өкілдерінің биі; ұлттық би, өзбек биі, казказ биі, испан биі, үнді биі, вальс және Q pop жанрындағы билерді орындады. Марапаттау рәсімінде дипломдар мен номинацияларды директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Рахымбердина Индира Мейрамбекқызы табыстады. 9 «А» сыныбы «Ұлттар достастығының композициясы» биін орындап, Бас жүлдені иеленді. Халқымыздың ұлттық биі «Қамажай» биін билеген қыздарымыз I орынды иеленді, 9 «Ғ» сынып оқушылары «Мен жастарға сенемін» флешмоб биін өте жоғары деңгейде билеп, I орынды иеленді. 9 «Б» сыныбы «Thousand years» әніне вальс билеп, II орынды иеленді. Сонымен қатар, жақсы өнер көрсеткен өнерпаздарымызға «Заманауи би өнерінің шебері», «Ұлттық би өнерінің шебері», номинациялары табысталды. Жалпы 19 сынып қатысты. Топтық және жеке би орындаушылары да болды. Жеке би бойынша Марат Айзере, Байгерей Іңкәр және Илипбай Балжанға «Заманауи би өнерінің шебері» номинациясы табысталды. «START DANCE» би байқауының ұйымдастырушылары «Өзін-өзі басқару» ұйымы мен «Адал ұрпақ» клубы мүшелеріне алғыс білдіреміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: