«START DANCE» би байқауы өткізілді
Алматы қаласы, Алатау ауданы № 149 ЖББ мектепте 2021 жылдың 27 желтоқсан күні оқушылардың би өнеріне деген қызығушылығын дамыту, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған мектепішілік «START DANCE» би байқауы өткізілді. Байқауға 7-10 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың ашылу салтанатында мектеп директоры Шырынкүл Зейнуллақызы сөз бастап, байқауға қатысушы өнерпаздарымызға сәттілік тіледі. Байқау барысында қатысушылар түрлі ұлт өкілдерінің биі; ұлттық би, өзбек биі, казказ