«Пандемия кезінде бала тәрбиесі туралы ата-аналарға берілетін психологиялық кеңестер мен қолдау жұмыстары» » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Пандемия кезінде бала тәрбиесі туралы ата-аналарға берілетін психологиялық кеңестер мен қолдау жұмыстары»
13
қараша
2020

«Пандемия кезінде бала тәрбиесі туралы ата-аналарға берілетін психологиялық кеңестер мен қолдау жұмыстары»

Алматы қаласы, Алатау ауданы,
 №149 жалпы білім беретін мектеп
Қашықтықтан оқуға байланысты ата-аналарымызға психологиялық кеңестер мен қолдау.
Бүгінгі күннің талабына сәйкес, яғни елімізде төтенше жағдай енгізілуіне  байланысты  Алматы қалалысы Алатау ауданы 149 ЖББ мектебіміздің педагог-психологтары  Базарбаева М.Б Дегенбаева З.А
Осы орайда ата-аналарға бірнеше кеңестер ұсынады.
«Пандемия кезінде бала тәрбиесі туралы ата-аналарға берілетін психологиялық кеңестер мен қолдау жұмыстары»
Коронавирусты жұқтырмау амалдары қандай?
       Ең әуелі әр адам санитария-гигиена талаптарын сақтауға міндетті. Көп адам шоғырланатын жерлерге, қоғамдық тамақтану орындарына, базарларға барудан бас тартқан жөн.
       Қолды жиі сабындап жуып, арнайы антисептик пайдалану керек. Үйіңізді (жұмыс орныңызды) таза ұстаңыз: сумен жиі-жиі жуып, ауаны тазартып отыру қажет.
Түшкіргенде, жөтелген кезде мұрныңыз бен аузыңызды бірреттік сулықпен жабыңыз. Ортақ тұрмыстық құралдарды пайдаланбаған жөн.
Денсаулық зор-байлық
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»
                            (Әл-Фараби)
“Өз балаңа – үлгі бол”
 Бала – біздің айнамыз.
Балаңызбен жақсы қарым-қатынысты нығайту үшін, қазіргі болып жатқан пандемия уақытын тиімді пайданып, балаңыздың қасында болыңыз.
•Пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында отбасы мен бірге үйде болыңыз.
•Балаңызды қаншалықты шексіз сүйетініңізді айтыңыз.
• Балаңызбен сөйлесіңіз, онымен дос болуға тырысыңыз.
•Оның ойында не бар екенін біліңіз, баланың пікірімен санасыңыз.
•Өзгелер туралы өсек айтпаңыз, оған да айтқызбаңыз.
•Қызғаншақтық, екі жүзділік, жағымпаздық сияқты қасиеттер ата – анадан берілетінін ұмытпаңыз.
•Карантин кезінде бала үйде жалығып етпеуі үшін, қызықты етіп күн тәртібін ұйымдастырыңыз.
•Онымен бірге таңғы жаттығу жасап, бала мен бірге кітап оқыңыз.
•Үй шаруасына тартып, бірге кино көріп, өлең- би кештерін үйде қызықты етіп ұйымдастырыңыз.
•Дәмді ас дайындап беріңіз.
Балаңыздың болашақта бақытты отбасы басшысы, жақсы әке – шеше болуын қаласаңыз:
Отбасында ашық – жарқын, парасатты қалыпта болыңыз, ұстамды болуға, байсалды болуға тырысыңыз.
Отбасы – құндылығын нығайтыңыз!
Еріңізге (әйеліңізге) сыйлы қарым – қатынасыңыз өте жоғары, айқын көрінетін болсын.
Балаңызға әкесі  туралы “отбасы басшысы, тірегі, асқар тауы”, анасы туралы (жылулық, сұлулық,мейірім, татулық иесі) деп үлгі етіп отырыңыз. Ешқашан  баланың көзінше ұрысып, салғыласпаңыз, беделіңізді  түсірмеңіз.
БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЕРЕЖЕСІ
1.Балаларыңызға көп уақытыңызды бөліңіз, олардың немен айналысатынын қадағалаңыз.
2.Балаңызды еркелетіңіз. Яғни оның қасыңызда барына қуаныңыз ол өзі қандай болса, солай қабылдаңыз, оны қорламаңыз, жәбірлемеңіз.
3. Балаңызды қорғаңыз. Яғни оның жаны мен тәніне қауіпті нәрселерден сақтаңыз.
4.Балаңызға жақсы үлгі болыңыз. оған  жауапкершілік сезіммен қараңыз.
Оқуға қатысты кеңестер
•Балаңыздың уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала – сабаққа зейін қоя алмайды. Ойы шашыраңқы болады.
•Бала алдында мектеп пен мұғалімдер жайында теріс нәрселер айтуға жол бермеңіз.
•Қашықтықтан оқытуда -балаңыздың  үйде сабақ оқи алуын ұйымдастырып, күнделікті сабаққа қатысуын қадағалаңыз. Сабағына көмектесіңіз. Оның әлеумттік желіні, жеке смартфон мен  компъютерді дұрыс пайдалануын дағдыландырыңыз. Егер оқуға еш мүмкіндігі бомаған жағдайда сынып жетекшісін хабардар етіңіз.
•Баланың үйге берілген тапсырмаларына қызығушылық танытып, қадағалаңыз, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыз.
•Балаңызды сыныптастары мен салыстырмаңыз.
•Шыдамды болыңыз. Кез келген жағдаятарға түсіністік таныта біліңіз.
•Баланың әр бір жетістігі үшін мақтап мадақтап отырыңыз
• Сіздің балаға деген сеніміңіз оған барлық қиындықтарды жеңуге көмектеседі.
Ата- аналар мен мұғалімнің арасындағы ынтымақтастық жарасымды, үйлесімді болып бір-бірлерін түсінушілікке бағыттаса, міндеті түрде оқушының дұрыс бағытта болуына жол ашылатын сөзсіз.
Бала тәрбиесінде сіздерге сәттілік және 
өмірде денсаулық тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: