Абай бүгін жарық бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Абай бүгін жарық бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді
18
қараша
2020

Абай бүгін жарық бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді

Алматы қаласы, Алатау ауданы
149 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 
5 "Б" сынып жетекшісі: Қалбергенова Эльмира Елтайқызының дайындаған жұмысын ұсынамыз.
    Абай шығармашылығы-адамзат мәдениетінің рухани қазынасына қосылған асыл мұра. Оның философиялық тереңдігімен, көркемдік, эстетикалық қуатымен, мағыналық салмағымен, ғибраттық, тағлымдық мәнімен ерекшеленетін ойлы сөздері халық жүрегіне жол тапқаны мәлім.
     Көп адам дүниеге бой алдырған,
     Бой алдырып,аяғын көп шалдырған,
     Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
     Өлмейтұғын алдында сөз қалдырған,-
 деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарық бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді.
    Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды. 
Абай-лебі, Абай-үні, 
Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге келеді. 
  Ұлы ақын өлеңдерін жатқа оқудан эстафетаны жалғастырушы-149 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 
ҚР Білім беру ісінің үздігі Қалбергенова Эльмира Елтайқызы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: