10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілді » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
желтоқсан
2021

10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілді

Алатау ауданы, 149 ЖББМ 2021 жылдың 4 желтоқсан сағат 10:00 де ZOOM платформасымен "Директорлық сенбі- ата-ана үні" жиналысы 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілді. Жиналыс барысында Ата-ана-бала- мектеп арасындағы  қарым-қатынас, мектептегі оқушысының тәртібі мәселелері қозғалды. Сонымен қатар,  мектеп директоры, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары ата-аналарға оқушылардың мектептегі және үйдегі тәртібі үнемі қадағалану керектігін ескертті. Мектеп психологы балалармен үнемі сырласу керектігін, ата-анамен бала ашық сөйлесу керектігін айтып, ата-аналарға психологиялық кеңестер ұсынды. Кездесу барысында ата-аналар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, белсенділік танытты. Жиналыс соңында ата-аналар өзекті мәселелер қозғалғандығын айтып, екі жақсы байланыс үшін мектеп әкімшілігіне алғыстарын жеткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: