«Абай оқуларының» қалалық кезеңі » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
қыркүйек
2021

«Абай оқуларының» қалалық кезеңі

«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен Республикалық  ХХІІ  «Абай оқуларының» қалалық кезеңін Zoom платформасында онлайн режимде өткізілді. 
«Абай оқуларына» жалпы білім беру ұйымдарынан 6 номинация бойынша 42 оқушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады. Қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын ЖОО-ның білікті профессор, доцент Абайтанушы, ақын-жазушылар, өнер адамдарынан құралған  қазылар алқасы бағалады.
№149 ЖББ мектептің 11-сынып оқушысы Серік Нұржан «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинация бойынша жүлделі ІІ орын иеленді. Ақындық өнері, сөз қолданысы, өлең ұйқасы, ой тереңдігі мен жүйелілігі, поэзияны оқу шеберлігі ұштасқан Нұржан қазылар алқасының көңілінен шыға білді. Нұржанның шығармашылық қабілетін арттырып, бағыт-бағдар беріп, жөн сілтеп жүрген ұстазы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сламбаева Еркежан Бейсенбайқызы. Нұржанға қаламы ұштала берсін, алар асуың мен бағындырар шыңдарың көп бола берсін деген тілек білдіреміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: