Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің апталығы » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
наурыз
2024

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің апталығы

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің апталығы
КММ №149 ЖББ мектепте 4 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі  онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Отенова Ділдаш пен Шекербекова Айнұр ұйымдастырды.
Онкүндіктің мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру;
Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу;
Қазақ халқының  әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу;
Тілін, елін сүйе білуге үйрету;
Ашылу салтанатын директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары Сайлыбаева Сағира құттықтау сөзбен ашып, онкүндіктің маңызын атап өтті. Ұстаздар мен оқушыларды  қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігіне белсенді қатысуға шақырды. Қалалық , аудандық мәнерлеп оқу сайыстарының жүлдегерлері  өлең оқыды. Күйшілер күмбірлете күй тартып, көпшіліктің көңілін көтерді.

















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: