02
мамыр
2024
“Эссені неден бастау керек?” тақырыбында коучинг
Жас мамандар апталығы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Есназар Таңсұлу Мәуленбекқызы “Эссені неден бастау керек?” тақырыбында коучинг өткізді.
Мақсаты: ұстаздарға эссе жазудың алғашқы қадамдарын үйрету. Құрылымын түсіндіру. Схема құру және соған сүйене отырып эссе жазу. Практикалық жұмыс.
Бұл коучинг барысында мақсатта көрсетілген жұмыстардың барлығы жүргізілді. Эссенің карта-схемасын, құрылымын түсінгеннен кейін оқушылар сол схемаға сүйене отырып, аргументтік эссе жазып шықты. Эссенің тақырыбы: «100 жылдан кейінгі қазақ тілі». Бұл тәжірибе барысында «Аялдама» әдісі қолданылды. Коучинг нәтижесінде мұғалім алға қойған мақсатына жете білді.
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/269596009477050/