1 қыркүйек, білім күні » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2022

1 қыркүйек, білім күні

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! 
📚Сіздерді Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 
🧑‍🏫Білім күні – жас жеткіншектер үшін ғана емес, ел ертеңінен үміт күтетін баршаға ортақ жалпыхалықтық үлкен мереке. 
📖Білім – адам баласының өмірлік серігі, өз тағдырының тұғыры. Ал ұстаздар – осынау жарқын әлемге жол ашушылар. 
Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек –«Білім күні» мерекесінде салтанатты жиын өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды. Гимнмен ашылған алғашқы қоңырау салтанатты шарасында мектеп директоры Шырынкүл Зейнуллақызы оқушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытты жақсы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестігін білдірді. 
Жаңа оқу жылындағы құттықтаулардан кейін егемен елдің болашақ ұрпақтары, мектепке енді ғана қадам басқан бірінші сынып оқушылары жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең шумақтарын оқыды.
Салтанатта сонымен бірге, алғашқы қоңырау үні сыңғырлап, барша оқушыларды алғашқы сабаққа шақырды.
Жиын барысында көптен күткен күміс қоңырау соғылып, білім ордасының тәжірибелі ұстаздары мен білікті мамандары оқушыларды білім нәрімен сусындататын болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: