ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БҰҰ БАС АССАМБЛЕЯСЫ 77-СЕССИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ДЕБАТЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БҰҰ БАС АССАМБЛЕЯСЫ 77-СЕССИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ДЕБАТЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
22
қыркүйек
2022

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БҰҰ БАС АССАМБЛЕЯСЫ 77-СЕССИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ДЕБАТЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН

Қазір осы әмбебап Ұйымының (БҰҰ) негізінде қалыптасқан іргелі қағидаттарға қайта оралы аса маңызды. 
Атап айтқанда,  біз мемлекеттер егемендігінің теңдігі, мемлекеттердің территориялық тұтастығы, мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі секілді бастапқы үш қағидат арасындағы байланысты қайта зерделеуіміз қажет. Бұл үш қағидат өзара бір-біріне тәуелді. Осы қағидаттардың бірін сақтау қалған екеуін ұстануды білдіреді. Ал олардың бірін бұзу, басқа екеуін бұзған болып саналады.
Қазақстан алдағы уақытта да астық пен басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің сенімді жеткізушісі болып қала береді. Сондай-ақ біз Қазақстанда орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен, сондай-ақ БҰҰ агенттіктерімен ынтымақтастықты нығайтуға ниеттіміз. 
Транскаспий халықаралық көлік бағытына немесе «Орта дәлізге» тың серпін берілді. Алдағы жылдары біз Қазақстан арқылы жүк тасымалының айтарлықтай арта түсетініне сенімдіміз.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: