Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысу, сағат 11:00-де болып өтті » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысу, сағат 11:00-де болып өтті
02
желтоқсан
2022

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысу, сағат 11:00-де болып өтті

Алатау ауданы 149 ЖББ мектепте жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысу сағат 11:00 - де болып өтті. 
Жер сілкінісіне әрдайым дайын болу қажет.
Жер сілкінісі қашан болатыны белгісіз, сондықтан үнемі дайындық үстінде болу керек. Ол үшін төмендегі кеңестерге сүйенген жөн:
Үйде, жұмыс орнында, мектепте, көшеде қауіпсіз орындарды бағдарлау;
Отбасы мүшелерімен жер сілкінгенде не істеу керек екенін талқылап, алғашқы медициналық көмек беру ережесін үйрену;
Дәрі қорабын дайындау және ондағы дәрі-дәрмекті қолдану ретін білу;
Құжат, ақша, қалта шамын үнемі ыңғайлы орынға қою;
Кереуетті терезе мен қабырғалардан алшақ орналастыру;
Үйге кіретін жолды жиһаздармен, өзге заттармен бөгемеу;
Шкафтар мен сөрелерді шегелеп бекіту, үстіне ауыр заттар қоймау;
Улы химикат, тез тұтанатын сұйықтық секілді қауіпті заттарды жақсы оқшауланған сенімді орында сақтау.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: