“Lesson Study “сабақтарының тиімділігі атты коучинг » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
желтоқсан
2022

“Lesson Study “сабақтарының тиімділігі атты коучинг

Алатау ауданы, №149 жалпы білім беретін мектепте 3 сынып бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі, жоғары санатты, педагог зерттеуші Джумадуллаева Ақжарқын Құрбанәлиқызы “Lesson Study “сабақтарының тиімділігі атты коучинг өткізді. Мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсыну. Тәжірибені жетілдіру ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.
Коучинг барысында ең алдымен мұғалімдерге сұрақ қою арқылы іс- тәжірибесін шыңдауда өз әрекетін талдау, деңгейі әр түрлі оқушыларды оқытуда тиімді әдіс- тәсілдерді таңдауда кездесетін проблемалар, қиындықтарды анықтап алынды. "Lesson Study" тарихын, философиялық негіздерін, кезеңдерімен таныстыру жүргізілді. Сонымен қатар, Lesson Study кезінде мұғалімдерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйретіп, мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алды. Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруда жаңа ақпараттармен танысты. Коучинг соңында қорытынды жасалынып, мұғалімдермен кері байланыс жүргізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: