«Жаратылыс сыры - ғылымда» атты жаратылыстану-ғылыми пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаратылыс сыры - ғылымда» атты жаратылыстану-ғылыми пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы
03
сәуір
2023

«Жаратылыс сыры - ғылымда» атты жаратылыстану-ғылыми пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы

Алатау ауданы, №149 жалпы білім беретін мектепте 03.04.2023 жылы «Жаратылыс сыры - ғылымда» атты жаратылыстану-ғылыми пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы болып өтті. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.  Бұл апталықты өткізудің мақсаты, оқушылардың ақпараттық-технологиялық құзіреттілігін дамыта отырып, экологиялық сауатылығын арттырып және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеуді көздеді. Апталықтың ашылу салтанатында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ұ. Дәулетовна оқушыларды құттықтап, оларға география, биология және химия пәндерінің адамзат тіршілігіндегі маңыздылығына тоқтала келіп, аталған жаратылыстану пәндерін түйістіретін ғылым саласы –экология екендігін атап көрсетті.
Апталықтың мақсаты : 
1. Биология, химия және география пәндеріне қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде білімдерін қорыту және тереңірек дамыту; 
2. Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз денсаулығы үшін өздері жауапты екенін айту;
3.  Оқушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: