«Денің сауда күштісің бұл әлемде, Денің сауда сұлусың жер бетінде» – деген тақырыпта жас мамандарды шабыттандырып, еңбекке деген ынтасын ашып, ауызбіршілік, сыйластық пен ұйымшылдыққа, спортқа деген қызығушылығын арттыратын эстафета өтті. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Денің сауда күштісің бұл әлемде, Денің сауда сұлусың жер бетінде» – деген тақырыпта жас мамандарды шабыттандырып, еңбекке деген ынтасын ашып, ауызбіршілік, сыйластық пен ұйымшылдыққа, спортқа деген қызығушылығын арттыратын эстафета өтті.
12
мамыр
2023

«Денің сауда күштісің бұл әлемде, Денің сауда сұлусың жер бетінде» – деген тақырыпта жас мамандарды шабыттандырып, еңбекке деген ынтасын ашып, ауызбіршілік, сыйластық пен ұйымшылдыққа, спортқа деген қызығушылығын арттыратын эстафета өтті.

Мақсаты: Жастарды салауатты өмір салтына насихаттау, адам бойындағы өзіне деген сенімділікті, қайсарлықты, күш-жігерін дамыту. 
Сайысты мектебіміздің директоры Шырын Зейнуллақызы ашып берді.
Әділ-қазылар алқасының мүшелері директордың оқу ісінің орынбасары: Сайлыбаева С.У. 
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері Өскенбаев Роман және Каинбердиева Айгул.
Жүргізушілер де жас мамандар: Дене шынықтыру пәні мұғалімі Қасенов Ерсұлтан мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Базарбаева Гулнар. 
Байқау 6 кезең бойынша өтті:
1.Таныстыру;
2. Командамен тізбектеліп өту;
3. Кедергілерден өту;
4.  Су жинау;
5. Арқан тартыс
6. Капитандар сайысы (20келі зілтемірді көтеру)
Эстафеталық сайысқа 4 команда қатысты.  "СПАРТА", "ЖАС ҚЫРАН", "ЖАЛЫН" және "АЛАМАН"  
Бас жүлдені "Жалын" командасы
1-орын "Спарта" командасы
2-орын "Жас қыран" командасы 
3-орынды "Аламан" командасы қанжығалады. Сый-сияпатпен, мақтау қағазымен марапатталды.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін! –   деп, жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдірген Мағжан Жұмабаевтың сенімін сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымызға тек  қана Сәттілік, еңбектеріне табыс тілеп, осы бағыттағы сайыстың мәйегін ауданнан, облыстан алып, жас ұрпақ үшін талмайтын қанаттың қағылатына ұжым болып 
 сенім артамыз!
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/623294389668358/​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: