Жас мамандар апталығы » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
сәуір
2024

Жас мамандар апталығы

Жас мамандар апталығы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжеханова Раушан Серикгазыевна 9 "Б" сыныбында «Бейбітшілік - жаһандану кепілі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқу мақсаттары тақырыпқа сай таңдалынып алынған. Сабақты бастамас бұрын “Ритмді қайтала” бейнематериалы пайдаланып сыныпта жағымды ахуал туғызды. Сабақ барысында «Көшбасшы» әдісі арқылы топқа бөлініп, “Көгершін” әдісін пайдаланып өткен тақырыптарды пысықтады. Әрі қарай оқушыларға топтық жұмыс жасалды. Оқулық бойынша тапсырманы орындап, әр топ бір-бірімен пікір алмасты. Оқушылардың тыңдалым, айтылым дағдысы қалыптасты. Келесі тапсырма “Тыңдап отырған үштік” әдісі бойынша тыңдалым мәтінімен жұмыс жасалды. Оқушылар мәтінді оқып, құрмалас сөйлемдерді ажыратты. Келесі тапсырмада “Бейбітшілік - жаһандық даму кепілі” деген тақырып бойынша постер жасады. Тақырыпқа байланысиы постер қорғап, қосымша сұрақтарға жауап берді. Сабақ соңында “Интервью” әдісін пайдаланылып рефлексия жасалды. Мұғалім оқушыларды “Басбармақ”әдісі арқылы бағалап, мадақтау сөздер айтты. Жалпы сабақ өз деңгейінде өтті. Оқушылар сабақта қойылған оқу мақсатына жете білді.
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/737310408605369/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: