Алматыда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталды. Жалпы төрт айда қала бойынша 25 009 өтініш түсті. Өтінім 1 тамызға дейін қабылданады. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматыда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталды. Жалпы төрт айда қала бойынша 25 009 өтініш түсті. Өтінім 1 тамызға дейін қабылданады.
28
шілде
2023

Алматыда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталды. Жалпы төрт айда қала бойынша 25 009 өтініш түсті. Өтінім 1 тамызға дейін қабылданады.

Алматыда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталды. Жалпы төрт айда қала бойынша 25 009 өтініш түсті. Өтінім 1 тамызға дейін қабылданады.

Үлгілік қағидаға сәйкес, 1-сыныпқа қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету электрондық форматта «Электрондық үкіметтің» egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Даярлық деңгейіне қарамастан, мектепке маңында (шағын учаскеде) тұратын барлық бала қабылданады. Әрі балаларды мектепке өздерінің шағын аумағы бойынша ғана емес, бос орындар болған жағдайда кез келген басқа мемлекеттік мектепке де тіркеуге болады.

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін баланың ата-анасы немесе заңды өкілі жеке өтініш жазуы керек. Сонымен қатар, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін, 026/у-3 үлгідегі денсаулық жағдайы туралы құжатты, 065/у үлгідегі денсаулық жағдайы туралы құжатты және 3×4 өлшеміндегі екі фотосуретті өткізу қажет. Қабылдау жасы — 6 жастан бастап.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: