Республика күні » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
қазан
2023

Республика күні

     Республика күні - бұл  күнді сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап, найзаның ұшымен, білектің күшімен тәуелсіздікке қол жеткізді. Он үш жылдан кейін қайта оралған мереке бүгінгі күн барша қазақ елі үшін қуанышты жайт. 
     Елім деп еңіреп,жұртым деп жамырап, жан қиған қазағымыз ежелден еркіндік аңсаған.Сондықтан қазірге дейін Қазақстан көптеген қиындық жолдардан өтті деуге болады, себебі өзінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялау үшін қаншама қаракөз апаларымыз, боздақ бозбала ағаларымыз кеудесін оққа тосты, жан кешті. Осы уақыттан кейін Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
     Бүгін мектебімізде "25 қазан Республика күні" тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері сынып сағаттарын өтті.
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/3467113410220833/​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: