♻️"Бес күн-бес іс-шара" жобасы.♻️ » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
қараша
2023

♻️"Бес күн-бес іс-шара" жобасы.♻️

♻️"Бес күн-бес іс-шара" жобасы.♻️
20-24 қараша аралығында 7 "Б" сыныбы алғаш күнді мектеп оқушыларымен күтіп алудан бастап, екінші күні мектеп мейірбикесі Орынгүл Тұрарқызымен "Темекінің зияны" тақырыбында кездесу өткізді. Ал үшінші күні ұлттық киім киіп, домбырамен күй шертіп мектеп оқушыларын қарсы алса, төртінші күні қалдық заттарға екінші өмір сыйлау мақсатында, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Майра Нұрқанатқызымен бірлесе отырып өз қолдарымен бұйымдар жасады. Бесінші күнді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Дәулет Ахметұлының жетекшілігімен  
екі командаға бөлініп,  "Волейбол" ойынымен аяқтады.  Бес күн бойы оқушылар мұғалімдер мен сыныппен біріге отырып,  аптаны қызықты, жемісті өткізді. 
Сынып жетекшісі: Сартаева Роза.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: