№149 жалпы білім беретін мектептің 2023 жылғы жұмысының қорытындысы » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №149 жалпы білім беретін мектептің 2023 жылғы жұмысының қорытындысы
27
желтоқсан
2023

№149 жалпы білім беретін мектептің 2023 жылғы жұмысының қорытындысы

      2023 жылы №149 жалпы білім беретін мектеп білім беру саласы арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары қабылданып, іске асырылды. 
♻️Бастауыш сынып оқушылары мен  халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан барлық жастағы оқушыларды тегін тамақтандыру жобасы да жүзеге асырылған.                          
1 қыркүйектен бастап, мектепте 1-4 сыныптың – 1231 оқушысы тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, жалпы білім беру қорының бюджет қаражаты есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан 5-11 сыныптың  – 123 оқушысы  мектеп асханасынан бір мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етілді.
♻️Балаларды  жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында 100 % (пайыз) қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, арнайы күзет) қамтамасыз етілді.
♻️Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие  беретін педагогтардың біліктілігін арттыру мәселесі де жүзеге асырылды. Біліктілікті арттыру курстарынан 20 педагог өтіп, өз білімін жетілдірді.
♻️Жаңа заманауи модификациялы биология кабинеті ашылды.
♻️Қазіргі қоғамның білім беру жүйесінде трендке айналған әдіснамалық құралдардың бірі TopIQ.kz, Kitap.kz, Kundelik.kz платформалары  жүзеге асырылған. 
♻️Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту мақсатында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылып, «Әжелер мектебі» құрылды. 
♻️Мектеп оқушылары арасында спорттық жарыстарды ұйымдастыру мақсатында “Ұлттық мектеп лигасы” құрылды.
♻️С.Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай “Мен балаң жарық күнде сәуле қуған” тақырыбында аудан көлемінде семинар өтілді.
♻️”Бес күн-бес іс-шара” жобасы жүзеге асырылды.
♻️”Бала ата-ананың айнасы” тақырыбында ашық есік күні өтілді.
♻️Ұстаздарымыз түрлі байқаулардан топ жарып, оқушыларымыз үздіктер қатарынан көрінді. Оған дәлел “Алматы ұстазы-2023” байқауының екінші кезеңі бойынша ІІІ орын иегері А.К.Джумадуллаева атанса, С.О.Бейсенбаева алғыс хатпен марапатталды. 
Қалалық “Тіл-қоғам айнасы” эссе байқауынан Ә. Нұрсайынқызы ІІ орын.
Қалалық “Үздік сабақтар қоры”байқауының жеңімпаздары А.К.Джумадуллаева І орын, С.У.Амангазиева ІІ орын, Ж.С.Абубакирова ІІ орын, Р.Б.Курмангельдиева, Е.Б.Сламбаева, Г.А.Бейсембаева алғыс хаттармен мараппаталды. 
Аудандық “Педагогикалық идеялар” байқауынан Б.С.Шалтаев ІІ орын, Е.Б.Сламбева ІІ орын, Р.Т.Сартаева ІІІ орын, С.Н.Култасова ІІІ орынмен марапатталды. 
Аудандық спартакидада “Волейбол” ойынынан І орын, команда мүшелері Д.А.Бердихожев, У.Халыкова, Н.Турусова, Б.Терликбаев, Р.Құдайберген, А.Сыдыков, М.Жонусов.
♻️Оқушыларымыздың жетістігі А.Бағысбекова Республикалық “Балалар оқулары” байқауының аудандық кезеңінен 3 орын, Д.Аяпбек “Менің ұстазым” байқауының аудандық кезеңінен 2 орын, К.Талғатқызы Республикалық “Мағжан оқулары”байқауынан 1 орын, БАӘ, Абу-даби қаласында өткен джиу-джитсудан А.Айтқали мен Е.Ерлепес әлем чемионы, Х.Төлеген 2 орын иегері атанды. Ә.Әбләди Республикалық “Өнер fest” байқауынан 2 орын. Аудандық “Мен көшбасшымын” аудандық слеттен мектеп президенті С.Болат 2 орын, А.Олжасқызы Халықаралық би байқауынан бас жүлделі болды.
      ✅Қорытындылай келе оқу мен оқытуды жақсартуда маңызды жұмыстар жүзеге асырылуда. Мектептегі оң өзгерісті жағдайлар  оқушылардың сапалы білім алуына сөзсіз септігін тигізері анық.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: