1 ақпан күні “Салауатты тамақтану мектебі” жобасы аясында, жалпы аудандық акция ұйымдастырылды » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 ақпан күні “Салауатты тамақтану мектебі” жобасы аясында, жалпы аудандық акция ұйымдастырылды
01
ақпан
2024

1 ақпан күні “Салауатты тамақтану мектебі” жобасы аясында, жалпы аудандық акция ұйымдастырылды

Алматы қаласы Алатау  ауданы №149 жалпы білім беретін мектебінде  2024 жылғы 1 ақпан күні “Салауатты тамақтану мектебі” жобасы аясында, жалпы аудандық акция ұйымдастырылды. Акция аясында, мектеп директоры Шырынкүл Зейнуллақызының басшылығымен және директордың оқу ісі жөніңдегі орынбасары Жұлдыз Аязбекқызының бастамасымен “Тамақтану гигиенасы" тақырыбында 1-2- сынып және 3-4 сыныптарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Болатханқызы мен бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы  Раушан Бакытжанқызы және жоғары санатты, педагог-зерттеуші Динара Токтарканқызы және жоғары санатты, педагог-зерттеуші
Нұргүл Асаубайқызы мен мектеп медбикесі Назипа  Арыстанбекқызы оқушыларға "Тамақтану гигиенасы" атты түсіндірме жұмыстарын өткізді. Оқушыларға тамақтану адамның қалыпты тіршілік қызметі мен дамуы үшін қажет екенін, сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану ағзаның тіршілік қызметін бұзуы мүмкін,  өсудің кешеуілдеуі, түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның зиянды әсерлері алдындағы ағзаның төзімділігінің төмендеуі туралы айтып өтті.
Мақсаты: оқушыларға "Тамақтану гигиенасы" ұғымын түсіндіру, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге үйрету, салауатты өмір салтын насихаттау.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: