«Білім беру процесін ұйымдастыруда ұлттық құндылыққа негізделген әдіс-тәсілдерді қолданудың өзектілігі» тақырыбында Республикалық онлайн шеберлік сабақ өткізді. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім беру процесін ұйымдастыруда ұлттық құндылыққа негізделген әдіс-тәсілдерді қолданудың өзектілігі» тақырыбында Республикалық онлайн шеберлік сабақ өткізді.
26
ақпан
2024

«Білім беру процесін ұйымдастыруда ұлттық құндылыққа негізделген әдіс-тәсілдерді қолданудың өзектілігі» тақырыбында Республикалық онлайн шеберлік сабақ өткізді.

23.02.24ж. Алатау ауданы №149 ЖББ мектеп «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ  бірлесе отырып «Білім беру процесін ұйымдастыруда ұлттық құндылыққа негізделген әдіс-тәсілдерді қолданудың өзектілігі»  тақырыбында Республикалық онлайн шеберлік сабақ өткізді. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Республикалық Кәсіби даму институтының кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. модератор Ибраева Жанар Мухаметкалиевна семинарға қатысушыларды құттықтап алғысөзбен бастады. Директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары, модератор Сайлыбаева Сагира Утегеновна шеберлік сабағының  бағдарламасымен таныстырып өтті.
Шеберлік сабақ мақсаты:  жас ұрпақтың функционалды сауаттылығын қалыптастыруда  ұлттық құндылықтарды әдіс-тәсілдермен байланыстыра  отырып дәріптеу. 
   Семинарда тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Шалтаев Берик Сейтбаткалович «Заманауи оқыту технологиясын қолдана отырып оқушылардың  қызығушылығын арттыру» тақырыбында  және  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Сламбаева Еркежан Бейсенбаевна «Тұлға қалыптастыруда «Домбыра» әдісі арқылы білім мен тәрбие беру» тақырыбында білім беру процесін ұйымдастыруда ұлттық құндылыққа негізделген автолық  әдіс-тәсілдерімен бөлісті. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші  Калбергенова Эльмира Елтаевна «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында «Домбыра» әдісін қолданудың тиімділігі» тақырыбында,  биология пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Кошанова Молдир Амангелдиевна «Көру мүшесінің құрылысы мен гигиенасы» тақырыбында, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Омарова Гульнара Каримхановна «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ұлттық құндылықтар» тақырыбында тұлға қалыптастыруда  ұлттық құндылыққа  негізделген «Домбыра» әдісін  білім беру процесінде  тиімді пайдаланып жүрген үздік сабақ үлгілерін көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: