Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
ақпан
2024

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның асхана, ас блогының санитарлық-гигиеналық, жалпы жағдайын бақылау мақсатында тексеру жүргізілді. Тексеру барысында ас блогының қызметшілерінің киімінің, қолының тазалығына баса назар аударылды. Бет, мойын, қол терісінде жаралар, кесілген жарақаттар, күйіктер анықталмады. Мектеп медбикесінің Н.Арыстанбекқызы жүргізетін журналдары, асхана қызметкерлерін қадағалау журналы уақытылы толтырылған. Тексеру барысында асхана іші жарық, санитарлық жағдайы жақсы ұйымдастырылған және тазалық сақталған. Мектеп асханасы қазіргі заманғы дизайнмен көркемделген "Дұрыс тамақтану " бұрышы жасақталған. Мектеп асханасында технологиялық құралдар түгел қамтамасыз етілген. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: