ҰБТ-НЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРІ » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
қаңтар
2024

ҰБТ-НЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРІ

ҰБТ форматындағы өзгерістерді түсіну - қиын емес. Тек осы мақаланы соңына дейін оқу қажет.

      Тестілеу форматы өзгерген жоқ. Ескіше 120 сұрақ, 140 балл. 3 міндетті және 2 таңдау пәндері бойынша, таңдаған бағыт бойынша тапсырады. 
 
      2014 жылдан кейін тек, 2017 жылы өзгерістер енгізілді. Мысалы, таңдау пәндері бойынша балл саны 25-тен 40-қа өсіп, сұрақ саны 30-ға жетті. Бұл оқушының өзі таңдап отырған бағытқа көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік берді. Себебі, міндетті пәннен шектік балл 20-дан 7 еді. 
 
      Осы өзгерістен кейін, 2021 жылы кішкене өзгерді. Таңдау пәніне көп мән беріліп, сұрақ санын 35-ке, ал ұпай санын 45-ке өсірді. Бірақ, жалпы балл 140 болып қала берді. Себебі, "Қазақстан тарихы" мен "Математикалық сауаттылық" пәндерінен 5 сұрақ пен балл саны алынды.
 
      2023 жылы түлектерді сұрыптау мақсатында "Математика-Информатика" бағытын қосты. Себебі, "Ақпараттық технологиялар", "Ақпараттық қауіпсіздік" пен "Информатика пәні мұғалімдерін даярлау" мамандарын бөліп шығару қажет болды. Еліміздің мақсаты - осы бағыттар бойынша жақсы мамандар даярлау.
 
      ҰБТ-ға қатысты соңғы жаңалықтар, ол - таңдау пәндері. Бейіндік пәндердің сұрақ санын 40-қа, ал балл санын 50-ге өсіріп отыр. Бұлай жасалу себебі, ол - тапсырушы түлек дайындығын жеңілдету және жастардың еліміздің тарихын ұмыттырмау. Мақсатты іске асыру үшін "Қазақстан тарихы" пәнінен 20 балл мен сұраққа өсіріп, ал "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" пәндерінен сұрақ санын 10-ға дейін, балл санын да 10-ға кемітті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: