“Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына – 135 жыл” тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына бірыңғай сынып сағаттары өтілді » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына – 135 жыл” тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына бірыңғай сынып сағаттары өтілді
13
наурыз
2024

“Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына – 135 жыл” тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына бірыңғай сынып сағаттары өтілді

Сынып сағаты
“Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына – 135 жыл” тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына бірыңғай сынып сағаттары өтілді.
Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицистің өмір жолын бүгінгі ұрпаққа насихаттау, тағылымын тарату өте маңызды.
1911–1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.
1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.
Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ.Сәтбаевпен, М.Әуезовпен танысады.
Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).
Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады.(1920)
Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.
Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922–1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926–1929) қызметтерін атқарады.
1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді.
Өйткені, Жүсіпбек Аймауытұлының әр туындысы патриоттық сезім, күрескерлік рухқа толы. «Ол поэзия, проза, драматургия, публицистика, сын жанрларында жаза отырып, қазақтың қамы мен қасіретін астарлап жеткізе білген қаламгер», - дейді зерттеушілер.   
Жазушы бір ғана қыздың өмірбаянын жазып отырып, жалпы қоғамдағы қордаланған мәселелер, келеңсіздіктер, Ресей патшалығының қазақ жеріне басып кіруі, сол кездегі қазақ қызының тұрмыс-тіршілігі, бар болмысын бір ғана «Ақбілек» романына сыйғызу ол екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Қазақ әдебиетіне қосқан үлесі ұшан теңіз екендігін оқушыларға түсіндірілді.
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/2310875512455048/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: