"Директорлық сенбі- ата-ана үні" онлайн – кездесу. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
қазан
2021

"Директорлық сенбі- ата-ана үні" онлайн – кездесу.

"Директорлық сенбі- ата-ана үні" онлайн – кездесу.
Алматы қаласы Алатау ауданы №149 ЖББ мектепте "Директорлық сенбі- ата-ана үні" онлайн –кездесу 16.10.2021 жылы ұйымдастырылды. Жиналыс мектеп директоры Шырынкүл Зейнуллақызы мен қалалық білім беру сапасын бағалау бөлімінің жетекшісі Кусаинова Раушан Талгатовнаның қатысумен жүргізілді. Жиналыс барысында оқушылардың білім сапасы, үлгерімі, санитарлық талаптар мен тағы да басқа мәселелері қаралды. Мақсаты:  оқыту жағдайында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесі, құқықбұзушылық пен суицидтік мінез- құлықтың алдын алу, ата-аналармен серіктестікті нығайту, психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету. Кездесуге 5- 9  сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. 
Мектеп директоры  Ш.Зейнуллақызы ата- аналарды кездесу мақсатымен таныстыра отырып, ашық алаңда онлайн тілдесуге шақырды.
5-9 сынып ата-аналарына «Отбасы мен мектеп - саналы ұрпақ тәрбиелеудегі берік одақ» тақырыбында «Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік: отбасындағы әке мен ананың міндеті. Мұғаліммен кері байланыс» тақырыбында баяндама оқыды. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Рахымбердина Индира Мейрамбекқызы «Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Сайлыбаева Сағира Утегенқызы «Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жолдары» тақырыбында биылғы оқу жылында кеңінен атқарылатын жұмыстарды тілге тиек етті. Мектеп психологы З.А.Дегенбаева «Өскелең ұрпақ арасындағы суицидті алдын-алу жолдары психологиялық түрғыдан ата-аналарға кеңес» беруі орынды болды. Кері байланыс ретінде ата-аналар белсенді түрде қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып,  мектеп әкімшілігі тарапынан ұтымды жауаптарын ала білді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: