"Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойы" » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
желтоқсан
2021

"Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойы"

Алатау ауданы, №149 жалпы білім беретін мектепте ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл толу құрметіне 5 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Мақсатымыз: Қазақ тіл білімінің негізін салушы, мемлекет қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармалары туралы білімдерін нығайту,халқы үшін еңбектерінің мәні жоғары екендігін ұғындыру.
Байқау қорытындысы бойынша 5 "З" сынып оқушысы Кеулімжан Жасмин Ахмет Байтұрсынұлының "Ананың сүюі" өте жоғары дәрежеде мәнерлеп оқып, 1 орынды иеленді. Сонымен қатар Исламбек Әділет Ахмет Байтұрсынұлының "Ғылым" өлеңін оқып, мәнерлеп оқудан жүлделі 2 орын иегері атанды. Сонымен қатар, басқа да 5 сынып оқушыларына "Көркем сөз оқу шебері", "Көрермендер көзайымы", "Интонациалық сөйлеу байлығы" сияқты номинациялар берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: