Бастауыш сынып мұғалімі Батырбекова Оразкүл Калдыбаевна ашық сабақ өткізді. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сынып мұғалімі Батырбекова Оразкүл Калдыбаевна ашық сабақ өткізді.
03
ақпан
2022

Бастауыш сынып мұғалімі Батырбекова Оразкүл Калдыбаевна ашық сабақ өткізді.

Бастауыш сыныптарының онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі, 2«И» сынып жетекші Батырбекова Оразкүл Калдыбаевна әдебиеттік оқу пәнінен "Менде спортшы боламын" тақырыбында кезекті ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтау, мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету. Сабақ барысында оқушыларды топтастырып, топпен бірігіп жұмыс жасады. Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындай отырып, жазба жұмыстары мен сұрақтарға жауап берілді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасауды үйренді. Тақырып бойынша мұғалім қосымша мәліметтер беріп, оқушылардың жаңа сабақты қамтуын қадағалады. Сабақта АКТ құралдары мен көрнекіліктер пайдаланып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оята білді. Сабақ жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: