"Тәуелсіздік баға жетпес байлығым" атты салтанатты шара өткізілді » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Тәуелсіздік баға жетпес байлығым" атты салтанатты шара өткізілді
20
желтоқсан
2021

"Тәуелсіздік баға жетпес байлығым" атты салтанатты шара өткізілді

Алатау ауданы №149 ЖББ мектепте Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 9 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік баға жетпес байлығым" атты салтанатты шара өткізілді.
Мақсаты: Туған елге ,Отаннын қастерлеуге шыншылдыққа, патриоттыққа тәрбие беру. Салтанатты шарада мектеп директоры Шырынкүл Зейнуллақызы, Егемен еліміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында білім саласында 30 жылдан бері қажырлы еңбек етіп жүрген ұстаздар мен мекеме қызметкерлерін, сонымен қатар, Тәуелсіздік құрдастары да марапатталып, Төлеген Айбергеновтың кітаптары сыйға тартылды. Алатау ауданы әкімінің Алғыс хатымен, аудандық білім бөлімімен кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен марапаттады. Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіздік – қазақ үшін ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Біз сан ұрпаққа арман болған тәуелсіздікке ғасырлар бойғы бабаларымыздың қанымен, аналарымыздың көз жасымен, «мың өліп, мың тіріліп» жүріп қол жеткіздік. Сондықтан құны қанмен, көз жасымен, намыспен, армен өлшенетін тәуелсіздігіміздің бағасын біліп, қадір тұтып, оны қырағылықпен, үлкен жауапкершілікпен қорғап, мәңгілік елге айналдыру – біздің парызымыз. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Мерекелік жиын 9 сынып оқушыларының концерттік бағдарламасымен ұласты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: