Біз туралы » Страница 4 » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Салауатты тамақтану мектебі»
07
наурыз
2024
«Салауатты тамақтану мектебі»
«Салауатты тамақтану мектебі» 01.02-29.02 2024 жылдың аудандық айлық акция жоспары құрылып, мектепішілік бұйрық шағарылды. Жоспар бойынша акцияны ұйымдастыруға мектебіміздің басшысы Шырынкүл Зейнуллақызының бастамасымен, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Ж.А.Джапбасбаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  А.Б.Есжанова және әлеуметтік педагогтар атсалысты. Мақсаты: 1-4 сынып оқушыларының толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету, балалардың дұрыс тамақтануын насихаттау, тамақтану
“Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады” тақырыбында 1-11 сынып оқушыларымен бірыңғай сынып сағаттары өтілді.
07
наурыз
2024
“Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады” тақырыбында 1-11 сынып
Табиғаттың жаңаруы мен 8-наурыз мерекесінің қатар келуінде бір заңдылық бар сияқты. Әжелер мен аналар жарқыраған жайма шуақ көктем күнінің жер бетіне нұрын шашқанындай өз мейрімімен жанды жылытады, ал арулар нәзік гүлдей әсемдіктерімен жанды жадыратады. Мектебімізде 8-наурыз “Халықаралық әйелдер күніне”  орай “Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады” тақырыбында 1-11 сынып оқушыларымен бірыңғай сынып сағаттары өтілді.
“Дабыл чемоданының жинақталуы және оның мақсаты” тақырыбында үздік бейнероликтер конкурсы
06
наурыз
2024
“Дабыл чемоданының жинақталуы және оның мақсаты” тақырыбында үздік
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай “Азаматтық қорғаныс саласындағы - Үздік мектеп” конкурсына оқушылар арасында жер сілкінісі кезіндегі “Дабыл чемоданының жинақталуы және оның мақсаты” тақырыбында үздік бейнероликтер конкурсы. ​https://www.facebook.com/100014471329338/videos/319338021132023/​​​ 
"Мақал-сөздің азығы, Жұмбақ- ойдың қазығы" атты мектеп мұғалімдерімен ойын өткізді
05
наурыз
2024
"Мақал-сөздің азығы, Жұмбақ- ойдың қазығы" атты мектеп мұғалімдерімен
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айдарова Жанар "Мақал-сөздің азығы, Жұмбақ- ойдың қазығы" атты мектеп мұғалімдерімен ойын өткізді. Мақсаты: тілімізді құрметтеп, нақыл сөздердің мәнін ұғынуға және мақал-мәтелдерді ұмытпай болашақ жастарға дәріптеу. https://www.facebook.com/100014471329338/videos/1191913711785196/
Мектебіміздің “Өзін-өзі басқару” ұйымының ұйымдастыруымен “Алғыс-айту парызым” атты ұстаздар мен оқушыларды қарсы алу сәтінен көрініс
05
наурыз
2024
Мектебіміздің “Өзін-өзі басқару” ұйымының ұйымдастыруымен “Алғыс-айту
Мектебіміздің “Өзін-өзі басқару” ұйымының ұйымдастыруымен “Алғыс-айту парызым” атты ұстаздар мен оқушыларды қарсы алу сәтінен көрініс. Мектеп президенті, 10 “Ә” сынып оқушысы Болат Сымбат пен мектеп министрлері әдемі көңіл-күймен қарсы алса, оқушылар стикер арқылы, ұстаздарына алғыстарын білдіріп, гүл шеңберлерімен безендірілген тақтаға жабыстырды.  Ұйымдастырған: ҚББ педагогы Г.А.Базарбаева. https://www.facebook.com/100014471329338/videos/1098117984720292/
"Алғыс айту күніне" орай мерекелік концерт қойылды.
05
наурыз
2024
"Алғыс айту күніне" орай мерекелік концерт қойылды.
"Алғыс айту күніне" орай мерекелік концерт қойылды. Алғыс айту күні-қазақстандық патриотизмның, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.  Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі.   Осы іс-шараны ұйымдастырған 6 сынып жетекшілері мен оқушыларына алғысымыз шексіз!  Іс-шараға ат салысқан ұстаздарымыз А.Ерболатова мен музыка пәнінің мұғалімі З.Мухатаева апайларымызға және тәрбие бөлімінің ұстаздарына алғысымызды білдіреміз.
“Үнемділік ырыс-ысырапшылдық шығыс” тақырыптарында сыныптан тыс іс-шаралар
01
наурыз
2024
“Үнемділік ырыс-ысырапшылдық шығыс” тақырыптарында сыныптан тыс
“Салауатты тамақтану мектебі акциясы” аясында, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, Иманбекова Бигул Тилеужановна  4 “Ә” сыныбымен “Дұрыс тамақтану”, “Көкөністердің пайдасы”, “Үнемділік ырыс-ысырапшылдық шығыс” тақырыптарында сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырды. Іс-шаралар барысында, оқушылар дұрыс тамақтану туралы, гигиена туралы ережелерді білді. Пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата біліп, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды үйренді.
1"Ж" сыныбында  "Дұрыс тамақтана білесің бе?" тақырыбында сынып сағаты өткізілді
01
наурыз
2024
1"Ж" сыныбында "Дұрыс тамақтана білесің бе?" тақырыбында сынып
2024 жылдың 29-ақпанында  149 ЖББ мектептің 1"Ж" сыныбында  "Дұрыс тамақтана білесің бе?" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.  Сынып жетекшісі: Нурмаганбетова Фарида Оракбаевна.  Сынып сағатының мақсаты:  Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін кеңейту. Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау. Дұрыс тамақтана білу мәдениетін тәрбиелеу. Пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата – аналары!
01
наурыз
2024
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата – аналары!
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата – аналары! ​Жаңа 2024 – 2025 оқу жылына 1 – сыныпқа құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында электрондық форматта қабылдау жұмысы www.egov.kz порталы арқылы өтеді. Өтініш беру туралы бейненұсқаулық www.egov.kz порталында көрсетілген. Қызмет тегін көрсетіледі. ​1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толатын  балалар да бірінші сыныпқа бара алады.