8 маусым - бала еңбегін пайдалануға қарсы бүкіләлемдік күрес күні. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 8 маусым - бала еңбегін пайдалануға қарсы бүкіләлемдік күрес күні.
14
маусым
2021

8 маусым - бала еңбегін пайдалануға қарсы бүкіләлемдік күрес күні.

8 маусым - бала еңбегін пайдалануға қарсы бүкіләлемдік күрес күні. Осыған орай Алатау ауданы №149 жалпы білім беретін мектепте осынау атаулы күнге ойластырылған іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар осылайша бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғам назарын аударуды көздейді.Осы тұста қандай қадамдар жасалмақ?
📣📣📣«Бала еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күн» атты ұлттық ақпараттық науқан туралы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті еліміздің барлық өңірлерінде Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні шеңберінде жыл сайын «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі.
Балалар еңбегін пайдалану мәселесі әлемдік кеңістікте өте өзекті. Халықаралық еңбек ұйымының ақпараты бойынша бүкіл әлемде 5 пен 17 жас аралығындағы 218 миллион бала жұмыс істеуге мәжбүр. 152 миллион қазіргі құлдықтың құрбаны, ал олардың 73 миллионы қауіпті еңбекпен айналысады.
Айта кету керек, Балалар еңбегін пайдалану фактілері біздің елімізде де байқалады. 2020 жылы еңбек инспекциялары балаларды еңбекке заңсыз тартудың 5 жағдайын анықтады. 
Балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ретінде Комитет үшін балалар еңбегін пайдаланудың бірлі-жарым жағдайларының болуы да өз жұмысын күшейтуді талап етеді.
Ағымдағы жылы Комитет «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» науқанының іс-шаралар жоспарын бекітті, онда балалық шақты қорғау және кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру үшін заңды жағдай жасау көзделген.
❗❗❗Комитет Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес он төрт жасқа толған оқушыларға оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын, еңбек шартын жасасқан жағдайда жұмысты орындауға рұқсат етілетінін еске салады.

✅Еңбек шарты кәмелетке толмаған адаммен, сондай-ақ ата-анасымен, қорғаншысымен, қамқоршысымен немесе асырап алушымен жасалады.
✅Бұл ретте он сегіз жасқа толмаған оқушылар үшін: он төрттен он алты жасқа дейін – аптасына 24 сағаттан аспайтын, он алтыдан он сегіз жасқа дейін – аптасына 36 сағаттан аспайтын

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: