Алатау ауданы №149 ЖББ мектепте жас мамандар коучингі өткізілді. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алатау ауданы №149 ЖББ мектепте жас мамандар коучингі өткізілді.
22
қыркүйек
2021

Алатау ауданы №149 ЖББ мектепте жас мамандар коучингі өткізілді.

Алматы қаласы, Алатау ауданы №149 ЖББ мектепте жас мамандар коучингі  өткізілді. Мақсатымыз; 2021-2022 оқу жылына жаңадан келген жас педагогтің кәсіби өсуіне және шығармашылық дамуына жол көрсету. Коучингті бастауыш сынып мұғалімі, тәжірибелі ұстаз, жоғары санатты педагог-зерттеуші Сыдыкова Алма Нағызбайқызы бастауыш сыныпқа келген жас мамандармен өткізді. Коучингке директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.А. Джапбасбаева қатысты. Ең алдымен, жас мамандар өздерін таныстырды. Ұжымға келген ұстаздарға ортада өзін ұстауы, жүріп-тұруы, балалармен қарым-қатынасы, сабақта қолданатын әдіс-тәсілдері туралы қосымша мәлімет беріліп, жас мамандар ойларында  жүрген сұрақтарын ортаға салды. Алма Нағызбайқызы оқушыларды күтіп алу, топтастыру, сергіту сәті әдіс-тәсілдерін баяндап, практикалық тұрғыда оқушылармен қалай жүзеге асатынын көрсетті. Жас мамандар мен тәжірибелі ұстаздар арасында жақсы пікір алмасу жүзеге асты. 
Коучинг соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.А. Джапбасбаева жас мамандарға алдағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып, Алма Нағызбайқызына өз тәжірибесімен бөлісіп, кеш ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: