08
қазан
2021
Желтоқсан қаhармандарымен кездесу
Алатау ауданы, "Алматы жастары" ұйымының ұйымдастыруымен желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымының президенті Таңатар Дулат пен Президент орынбасары Дәулетхан Бекзат барып, 1986 жылы атойлап алаңға шыққан Желтоқсан қаһармандарымен тілдесіп қайтты.
Мақсаты; желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын көңіліне ұялату, патриоттық тәрбие беру, Тәуелсіздікті құрмет тұту болып табылады.
Кездесу барысында, 1986 жылы 17-18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Сонымен қатар, бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ жастарының елеулі оқиғалары туралы айтылды.