Жетістіктеріміз » Страница 17 » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
Аудандық "Тоғыз тосқауыл"  атты интеллектуалдық байқау
23
қараша
2021
Аудандық "Тоғыз тосқауыл" атты интеллектуалдық байқау
Аудандық "Тоғыз тосқауыл"  атты интеллектуалдық байқауда # 149 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушылары Таңатар Дулат, Мугалимбеков Абылай, Әбілхан Айгерім, Сатыбалды Мейрамбек, Ысқақов Әли, Исмаилов Ақылбек  мектебіміздің абыройын асқақтатып, жүлделі 2-орын иеленді. Жетекшісі: Белибаева Назигүл. Көріністі дайындаған: Жонусов  Мерхат.  Командалық байқауда  оқушыларымыз өздерінің білімдері мен шеберліктерін ұштастыра білді. Оқушыларымыздың жеңісті де жемісті күндері көп болсын! Тек биік
«Жаңартылған білім беру жағдайында контент құрудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында өткен аудандық семинар
22
қараша
2021
«Жаңартылған білім беру жағдайында контент құрудың әдіс-тәсілдері»
Алатау ауданы №149 ЖББ мектепте «Жаңартылған білім беру жағдайында контент құрудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында өткен аудандық семинарда қонақтардың назарына  Шардарбекова Нарсұлу Аскаровнаның жетекшілігімен  қылқалам шеберлері 9-сынып оқушылары Мүбарак Назерке,             Мүбарак Ақерке,            Жақашбаева Аружандардың    "Бояулар сөйдейді" атты  ұсынылған сурет көмесі. Назерке, Ақерке, Аружан қыздарымызға сурет өнерінің биік белесін бағындыруына тілектеспіз! Талаптарына нұр жаусын!  
«Жаңартылған білім беру жағдайында контент құрудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында аудандық семинар
20
қараша
2021
«Жаңартылған білім беру жағдайында контент құрудың әдіс-тәсілдері»
Алатау ауданы №149 ЖББ мектепте «Жаңартылған білім беру жағдайында контент құрудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында аудандық семинар өтті.  Семинарға Алатау ауданы мектеп директорларының орынбасарларын бастап келген АББ методисі Смагулова Алия Белгибаевна. Семинар қонақтарына қылқалам шеберлері 9-сынып оқушылары Мүбарак Назерке,             Мүбарак Ақерке,            Жақашбаева Аружанның  суреттер галереясы Шардарбекова Нарсұлу Аскаровнаның жетекшілігімен ұсынылды. Жаңартылған білім беру жағдайында 
"Туға қарап бой түзе" атты ту ұстаушылар байқауына қатысып Бас жүлде иегері атанған 149 ЖББМ "Жас қыран" тобы марапатталды
19
қараша
2021
"Туға қарап бой түзе" атты ту ұстаушылар байқауына қатысып Бас жүлде
149 ЖББМ шәкірттерімен мақтанады! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай "Жас ұлан, Жас Қыран" ББЖ ұйымының ұйымдастыруымен "Туға қарап бой түзе" атты ту ұстаушылар байқауына қатысып Бас жүлде иегері атанған 149 ЖББМ "Жас қыран" тобы марапатталды. Жетекшісі: С.Ж. Наурызбай. Жеңістеріңіз құтты болсын!
Қ.Р. Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 149 ЖББМ ұстаздары 2020-2021 жылғы кезекті Ұлттық халық санағын өткізуде белсенді ат салысты
17
қараша
2021
Қ.Р. Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 149 ЖББМ ұстаздары 2020-2021
Қ.Р. Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 149 ЖББМ ұстаздары 2020-2021 жылғы кезекті Ұлттық халық санағын өткізуде белсенді ат салысып, еліміздің демографиялық және әлеуметтік- экономикалық дамуын анықтау жолында аянбай еңбек етіп, өз үлектерін қосқаны үшін Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтың АЛҒЫС ХАТымен марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын!
"Қазақ музыкасының - қос бәйтерегі"
15
қараша
2021
"Қазақ музыкасының - қос бәйтерегі"
Алатау ауданы, 149 ЖББ мектептің 4 "Ә"  сынып оқушысы Тоқтағұл Аяулым "Қазақ музыкасының - қос бәйтерегі" атты А. Жұбанов пен Л. Хамидидің 115 жылдығына арналған  шығармалары байқауына қатысып,  I-орын иегері атанды. Аяулымның өнеріне шығармашылық табыс тілей отырып, бұданда биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз. Жетекшісі:  Мухатаева Зульфира.
Қ.Р. 2020-2021 жылғы кезекті Ұлттық халық санағын өткізуде белсенді ат салысып, еліміздің демографиялық, әлеуметтік -экономикалық дамуын анықтау жолында аянбай еңбек етіп, өз үлесін қосқаны үшін 149 ЖББМ директоры Шырынкүл Зейнуллақызы марапатталды
10
қараша
2021
Қ.Р. 2020-2021 жылғы кезекті Ұлттық халық санағын өткізуде белсенді
Қ.Р. 2020-2021 жылғы кезекті Ұлттық халық санағын өткізуде белсенді ат салысып, еліміздің демографиялық, әлеуметтік -экономикалық дамуын анықтау жолында аянбай еңбек етіп, өз үлесін қосқаны үшін 149 ЖББМ директоры Шырынкүл Зейнуллақызы Алматы қаласы, Алатау ауданынының  әкімі Қалдыбеков Азамат Бескемпірұлының АЛҒЫС ХАТЫМЕН  марапатталып және сыйақы тапсырды.  Шырынкүл Зейнуллақызы марапатыңыз құтты болсын!
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
09
қараша
2021
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау , білім және логикалық ойлау қабілеті жоғары дамыған оқушыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған лингвистикалық олимпиданың аудандық кезеңінде «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» жақсы көрсеткіш көрсетіп,  жоғары ұпай жинаған 11«Ә» сынып оқушысы Пәржан Айдана Бас жүлдені жеңіп алды.  Айдананың қалалық олимпиаданың биік тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!  
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиада жүлдегері
09
қараша
2021
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиада жүлдегері
Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Алатау ауданы білім бөлімінің  ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы өтті. Олимпиаданың аудандық кезеңіне  қатысқан №149 ЖББ мектептің   ағылшын тілі пәні мұғалімі, жас маман, Ерболатова Аида Ерболатқызы кәсіби педагогикалық ойлары мен тұжырымдамаларын сараптап, ұтымды көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды. Аида Ерболатқызын құттықтаймыз!