2 «Ж» сынып жетекшісі Нұрсадықова Майра Ерікқызы математика пәнінен "1 санымен байланысты көбейту мен бөлудің қасиеттері" тақырыбында ашық сабақ өткізді. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 2 «Ж» сынып жетекшісі Нұрсадықова Майра Ерікқызы математика пәнінен "1 санымен байланысты көбейту мен бөлудің қасиеттері" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
20
ақпан
2023

2 «Ж» сынып жетекшісі Нұрсадықова Майра Ерікқызы математика пәнінен "1 санымен байланысты көбейту мен бөлудің қасиеттері" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Алатау ауданы, №149 жалпы білім беретін мектепте 2 сынып бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі, 2 «Ж» сынып жетекшісі Нұрсадықова Майра Ерікқызы математика пәнінен "1 санымен байланысты көбейту мен бөлудің қасиеттері" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу; санды 0-ге көбейту, 0-ге бөлуге болмайтын жағдайларды әріпті теңдік түрінде: a∙0 = 0; a0 көрсету.
Сабақ барысында оқушылар мұғалімнің көмегімен оқулықта берілген тапсырмаларды орындап, топтық және жеке жұмыстар жүргізді. Әр оқушы пәнге деген қызығушылықтарын білдіріп, сабаққа белсенді түрде қатысты. Жаңа тақырып бойынша оқушылар көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолданып, санды 0 санына бөлуге болмайтынын үйренді. Сонымен қатар, өрнектерді жазу барысында көбейту және бөлу амалындағы 1-дің қасиетімен танысты. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өткізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: