Жоғары деңгейдегі педагог-зерттеуші мұғалімдері Google Meet платформасында тәжірибе алмасу мақсатында аудандық семинарда сабақ үлгілерін көрсетті » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жоғары деңгейдегі педагог-зерттеуші мұғалімдері Google Meet платформасында тәжірибе алмасу мақсатында аудандық семинарда сабақ үлгілерін көрсетті
25
ақпан
2022

Жоғары деңгейдегі педагог-зерттеуші мұғалімдері Google Meet платформасында тәжірибе алмасу мақсатында аудандық семинарда сабақ үлгілерін көрсетті

25 ақпан №149 ЖББ мектептің жоғары деңгейдегі педагог-зерттеуші мұғалімдері  Google Meet платформасында тәжірибе алмасу мақсатында аудандық семинарда сабақ үлгілерін көрсетіп, семинар одан әрі  жоғары деңгейдегі педагог-зерттеуші қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мектептің «149_mektep» инстаграм парақшасында тікелей эфирде  онлай кездесумен жалғастырды. Кездесу Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлтымыздың рухани көсемі» тақырыбында өтті. Кездесуге М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Алаш мұраларын зертттеуші, ақын, жыр мүшәйраларының жеңімпазы, бірнеше өлең жинақтарының авторы Әділет Ахметұлы арнайы шақырылды. Кешті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Елтайқызы жүргізіп отырды.
Кештің алғашқы бөлімінде мектеп оқушылары Әбілхан Айгерім, Серік Нұржан, Әбдіғаппар Асылай, Тоқан Ердәулет, Кидралиев Санжар Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын мәнерлеп оқып, көрерменді тәнті етті. Мектебіміздің өнерлі оқушылары Мүйінбай Нұрсұлтан, Төлен Айзере, Тоқтасын Мұхамедин әсем әні мен күмбірлеген күйін тарту етті.
Кештің екінші бөлімі Әділет Ахметұлының шығармашылығы мен зерттеу еңбегіне арналды. 6-сынып оқушылары Қазбекқызы Меруерт , Жұмағали Алуа, Болатова Еркеназ, Әбдімәлік Кәусар ақынның «Қазақ жері», «Ақ айдынның жағасы ақ сағыз құм», «Өзен рухым», «Ұлы сағыныш» атты туған жер тақырыбына жазылған өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.
Сөз кезегін алған Әділет Ахметұлы күллі қазақ үшін киелі есім, Алаш ардагері, қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы теоретик ғалым, ғұлама әдіскер Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы айта келіп, Ахаң жазған тұңғыш әліппе «Оқу құралына» ерекше тоқталды.  Бұл  оқулық – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Слайдтарды көрсете отырып, Ахаңның бұл оқулығының құнды қазына екендігін, өз заманында қаймана қазақтың сауатын ашу жолындағы баға жетпес еңбек екендігін баса айтты. Төте жазумен жазылған оқулықтың түпнұсқасының қандай болғанын көру,  ондағы білім мен тәрбиені қатар беруді көздейтін өлеңдер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдерді оқу оқушылар мен ұстаздар үшін өте қызықты, әсерлі болды. Өз кезегінде оқушылар кеш қонағына сұрақтарын қойып сұхбатты өрбітті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: