Жылы заманауи форматта ата-аналармен коучинг » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
қазан
2022

Жылы заманауи форматта ата-аналармен коучинг

     Алатау ауданы 149 ЖББ мектептің Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Джумадуллаева Акжаркин Курбаналиевна 07.10.2022 жылы заманауи форматта ата-аналармен коучинг өткізді.
    Коучингтің мақсаты:Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына,сыныптың, мектептің жұлдызы болып жануына ата-ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, мектеп пен ата-ана арасында жағымды қарым-қатынас орнату арқылы мектептің оқыту мен оқу процесіндегі бағалаудың қалай жүзеге асып жатқанын түсіндіру. Ата-аналарды өздерінің балаларые бағалау кезінде жан-дүниесін түсіне білуге және балаларымыз қиындыққа ұшырағанда дер кезінде қол соза білуге ықпал ету.
Коучинг өте қызықты өтті. Ата-аналарға қатты ұнады. Ата-аналар “Өрмекшінің торы”арқылы бір-бірімен жақын танысты.”Адам өз өмірінің суретшісі” тренингі арқылы ақ қағазға сурет салды.Өздері бағалады. Ата-аналар өздерін бір сәтке оқушы сезініп, қызықты ойындар ойнады. Ата-аналар “Аспалы көрме”әдісімен көрмені аралап өз балаларының суреттерін іздеді. Бәрінен де ең қызығы топтық жұмыс “Отбасы құндылық ағашын”толтыру болды. Ата-аналар өз ойларын ашық айтып, бір-бірінен тәжірибе алмасты. Коучингті әр ата-ана өзінің жылы лебізі мен тілектерін “Жарық жұлдызыңды жақ” парағына өз жұлдызын жапсырумен аяқтады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: