"Дарынды шәкірт- білікті ұстаздан" » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
қаңтар
2023

"Дарынды шәкірт- білікті ұстаздан"

"Дарынды шәкірт- білікті ұстаздан" демекші, оқушының қабілетін ашуға, терең білім алып, өз жолын дәл табуға аянбай еңбек сіңіріп жүрген ұстаздарымыздың бірі- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі -Омарова Гүлнар Каримханқызы. Білімді, шығармашыл, ізденімпаз, еңбекқор ұстаздың шәкірттері де қандай сайыс, олимпиада болсын жүлдесіз қайтқан емес. 
 "Бұлақ көрсең, көзін аш" дегендей шәкірттерінің ішінен ана тілін сүйетін, қазақ тілінің құдіретін түсінетін, шәкірттерді іріктеп алып, кез келген жарысқа қосады. Соның ішінде 10 сынып оқушысы Бағысбекова Әнел бірнеше қалалық, аудандық жарыстардың жеңімпазы.
       Бүгін Алатау ауданында өткен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясындағы сайыста, дарынды  шәкірті Бағысбекова Әнел "Бас жүлдені " иемденді. 
  Гүлнар Каримханқызына еңбегіңіз жаңа берсін демекпіз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: