Республикалық "Мәшһүр Жүсіп оқулары" байқауының аудандық кезеңі » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық "Мәшһүр Жүсіп оқулары" байқауының аудандық кезеңі
03
наурыз
2023

Республикалық "Мәшһүр Жүсіп оқулары" байқауының аудандық кезеңі

«Алматы дарын» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы мен Алматы қаласы, Алатау ауданы №149 ЖББ мектептің ұйымдастыруымен Республикалық "Мәшһүр Жүсіп оқулары" байқауының аудандық кезеңі өтті. 
Мәшһүр Жүсіп оқуларының мақсаты- философ-ақын рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту. 
 Байқау  4 бағыт бойынша өткізілді. 
І бағыт – «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген». Қатысушы ұсынылған тақырыптың (Мәшһүр-Жүсіптің шығармашылығынан) біріне өз шығармасын арнайды. Өз өрнегі мен ойын ақын ойларына көркем сабақтастыра алуы, өлеңдерін мәнерлеп, көркем оқи білуі шарт. Бағалауға өлеңнің идеясы, ақын тақырыбымен үндестігі, өз өрнегі мен көркемдік сипаттары негізге алынды.
ІІ бағыт – «Бас болып өнербілсең, тіпті жақсы». Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы көркем ой, талғам мен түсінік, ұлттық танымның ерекшеліктерін, адамзат, ұлт руханиятындағы мәнімен сабақтастыра отырып, ғылыми зерттеу жобасын қорғады. 
ІІІ бағыт – «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен». Ұлы баба шығармаларындағы ойларды кеңейтіп, ұлт тарихымен, ұлттық әдебиет мазмұнымен байланыстырып, эссе жазу. 
ІV бағыт – «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері». Ғұламаның фольклорлық жазбаларындағы ұлттың ұлы тұлғаларын сипаттау. «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар», «Әнші-ақындар», «Бақсы және тылсым күш иелері» жіктеулерінің бірін қорғап шықты. 
ІІІ бағыт – «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бойынша
№149ЖББМ 9-сынып оқушысы  Сапарбек Алтынай 2-орын,
ІV бағыт – «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бойынша
№149ЖББМ 9-сынып оқушысы  Айпаева Дана 1-орын,
https://www.facebook.com/100014471329338/videos/168514222622009/​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: