«BALAFEST» фестивалінінің «Жұлдызды сәт» (Музыкалық шығармашылық және хореография) музыкалық бағыты байқауының мектепішілік кезеңі өтті. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «BALAFEST» фестивалінінің «Жұлдызды сәт» (Музыкалық шығармашылық және хореография) музыкалық бағыты байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
05
сәуір
2023

«BALAFEST» фестивалінінің «Жұлдызды сәт» (Музыкалық шығармашылық және хореография) музыкалық бағыты байқауының мектепішілік кезеңі өтті.

№149 ЖББ мектепте Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы  Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «BALAFEST» фестивалінінің  «Жұлдызды сәт»  (Музыкалық шығармашылық және хореография) музыкалық бағыты байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
       Байқаудың мақсаты: оқушылардың кәсіби дайындығының сапалы деңгейін арттыру, әлемдік музыка және хореография өнеріне деген қызығушылығын арттыру, Қазақстан Республикасының , сондай- ақ әлем халықтарының мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу, дарынды орындаушыларды анықтау, көркемдік-эстетикалық талғамды қалыптастыру, әлемдік музыкалық шығармашылықтың үздік дәстүрлерін сақтау және дамыту, қоғамдық музыкалық және хореографиялық мәдениет мәртебесін арттыру.
        «Вокал» номинация бойынша:   Бейсенбай. А. "Жайна туған елім; Амантай. А. " Елім менің";  Сайлау. М.  "Жақсы адамдарым", Серікбай. Ж.  "Қазағым",  Балтабай. А. " Мен қазақтын ұлымын",  Саит. А. "Жаса Қазақстан",  Тоқтағұл. А. " Ақ көгершін",  Ергеш. С. "Батырлар ұраны",  Сайлыбаева. М.  " Туған жер" әнін орындап, тыңдармандарды тамсандырды. 
"Аспаптық музыка"  номинациясы бойынша:  Қыдырбаев. І.   "Нарағаш" ,  Маулетұлы. Н.   "Терме",  Қырықбай. Е.  "Адай"  күйлерін тартып, өнерлерін көрсетті.     Байқауға қатысқан оқушылар өз өнерімен көпшілікті тәнті етті. 
      Байқау нәтижесінде  3 «К» сынып оқушысы Бейсенбай Алдияр ,     6 «Ғ» сынып оқушысы Сайлыбаева Медина ауданға жолдама алды. Жетекшісі:  Мухатаева Зульфира Ақанғалиқызы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: