«Заман басқа, бала басқа» тақырыбында коучинг өтті. » КГУ "Общеобразовательная школа №149" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-62-25
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-47-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Заман басқа, бала басқа» тақырыбында коучинг өтті.
17
сәуір
2023

«Заман басқа, бала басқа» тақырыбында коучинг өтті.

№149 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі Аухадиева Қырмызы Сейсенбекқызы 
«Заман басқа, бала басқа» тақырыбында коучинг өтті. 
Коучингтің мақсаты: Оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде Lesson Studyді практикада қолданудың тиімді әдістерін мұғалімдер топтарының арасында көрсету.
Коучингте квест әдісі қолданылды. Мұғалімдер үш топқа бөлініп, шифрланған тапсырмаларды жасырып қойған жерінен тауып,  Lesson Studyге байланысты сұрақтарды топтарда бірге талқылап, ойларын ортаға салды. Тапсырмалар Lesson Studyді жүргізудің артықшылықтарын айқындауға, ерекшеліктерін ескеруге, оқушылардың жан-жақты дамуына тигізетін әсеріне байланысты құрылды.  Мұғалімдер коучингке белсене қатысып, топтардың орындаған тапсырмаларын ыждаһаттылықпен тыңдап, бір-біріне баға берді. Соңында коучингтегі квест әдісін сабақтарына пайдаланатыны жөнінде айтып,   ұйымдастырушыға ризашылығынбілдіріп, кері байланыс берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: